
Дәулетбақов Бақытқан Дәулетбақұлы
Дәулетбақов Бақытқан Дәулетбақұлы АШҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Б.Д. Дәулетбақов 2001 жылы АТУ ға «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының меңгерушілік қызметіне шақырылды. 2004 жылдан бастап «Технологиялық үрдістерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, 2009 жылы «Сырттай және қашықтықтан оқыту институты» директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі болды. 2011 жылдан бастап «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының профессоры болып істейді.
Ол 250 жуық ғылыми педагогикалық еңбектердің авторы, оның ішінде 15 монография, оның 9 шетелдік ғалымдармен бірге жазылған, 20 оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды өзі және басқа авторлармен бірлесіп жазған. PhD доктаранттар мен магистранттардың жетекшісі.
Ол «Экономикадағы математикалық әдістер», «Экономикадағы ақпараттық технологиялар», «Жүйелік модельдеу», «Тәжірибелік жоспарлау әдісі», «Банк тәуекелі», «Экономикалық талдау», «Қаржылық талдау» «Бизнестегі модельдеу», «Бизнестегі зерттеу», «Инвестициялық жобаларды бағалау» және т.б. пәндерден дәрістер оқыды.
«ҚазАгроинновация» АҚ «АӨК және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» жанындағы OД 55.02.01 диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. Б.Д. Дәулетбақов Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2008 және 2014 жылдардағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы грантының иегері.
Ол 2013 жылы Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық ғылым академиясының академигі болып сайланды. e-mail: dauletbakovb
e-mail: dauletbakovb@mail.ru