Перейти к основному содержимому

Қаржылық бақылау

Запись на курс закрыта

Курстың қысқаша мазмұны:

"Қаржылық бақылау" курсы теориялық және практикалық жағынан "Қаржы" мамандығы студенттері оқуға тиіс арнайы пән болып табылады. Курста Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі аспектлері қарастырылған. Мемлекеттік қаржылық бақылау – негізгі және маңызды бақылау саласы. Бұл қаржының қоғам өмірінде және әрбір жеке адам үшін үлкен маңыздылығымен байланысты. Қаржы мемлекет болмысының материалдық негізі және оның функцияларының жүзеге асырылуын ақшалай қамтамасыз етудің көзі болып табылады. Қаржы тетіктері арқылы мемлекет елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына белсенді әсер етеді. Әрбір ұйым және әрбір азамат әртүрлі қаржылық институттар арқылы мемлекетпен тығыз байланыста болып, әртүрлі қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Сол себепті, қаржылық бақылауды оқып үйрену, олардың түрлерін, функцияларын, сыныптамасын және де мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылу әдістерін үйрену жоғары оқу орындары студенттері үшін оқытылуға міндетті арнайы пән болып табылады.

Студент қаржылық бақылауға қатысты экономикалық процесстерді талдай білуі, қандай да бір кезеңдегі республикада жүргізіліп отырған бюджеттік - салықтық саясаттың нәтижелілігіне баға беріп, өзінің позициясын ұстануға дайын болуы керек

Курсты оқып - білу кезінде студенттер:

- біріншіден, қаржылық бақылаудың функциялары мен міндеттерін, қаржылық бақылау түрлері мен әдістерін және олардың теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни мемлекеттік қаржылық бақылаудың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге қаржылық бақылаудың функциялары мен әдістерін, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау мен салықтық бақылау дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.

- екіншіден мемлекеттік қаржылық бақылау практикасын терең қарастыру мен қатар, нақты қаржылық бақылау түрлерінің практикалық есептелуін жетіп үйрену, заңдарды жан-жақты оқып-үйренумен бірге бақылау тетіктердің әсер етуін қарастыру.

- үшіншіден, мемлекеттік қаржылық бақылаудың теориялық және практикалық аспектілерін терең оқып-үйрену негізінде қаржылық жоспарлау әдістерін игеру, сонымен бірге қаржылық бақылау тетіктерін қолдана білуі қажет.

Курстың авторы (авторлары)

Фотография преподавателя #1

Аленова Карлыгаш Кайратовна

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы. Алматы технологиялық университеті. э.ғ.м. Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл. Alenmax040@mail.ru