Перейти к основному содержимому

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Запись на курс закрыта

Курс туралы

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандараның тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын курс.

Бұл курс жоғары оқу орнының 1-ші курс студенттеріне арналған.

Курстың мақсаты:

Адам өмірінің немесе өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының негізгі мақсаттарына төмендегілер жатады:

-қауіп-қатерді тани білу;

-болғалы тұрған қауіпқатердің алдын алу;

-қауіп-қатер болғанда,төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу. Атап айтқанда осы қауіптердің, болып жатқан жерін, қатер болу мүмкүншілігін, зардаптың және оның әсерінен болатын зиян шамасын және т.б.

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» оқу пәнінде адамның тіршілік ортасымен қауіпсіз әрекеттесу, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлардың теріс әсерленулерінен қорғану мәселелерінің тақырыптары біріктірілген.

Оқитын мәселелер: тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру және құқық негіздері, төтенше жағдайлар саласынадғы ҚР заңдылық актілері, трішіілк ортасының теріс әсерленулерін санды бағалауын және қауіптілікті тануларды сәйкестендіру, адамға теріс әсерлену факторларын алдын алу, өндірістік қауіптіліктерден қорғау, қауіпті және зиянды теріс әсерленулерді жою, өндірісте қалыпты, яғни комфортты микроклиматты құру.

КУРС АВТОРЫ

Course Staff Image #1

Асилова Гульжан Мухангалиевна

х.ғ.к., доцент м.а. Алматы технологиялық университетінің «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының доцент м.а. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Жарық көрген 50-ден астам ғылыми жұмыстары бар, asilova1975@mail.ru