Перейти к основному содержимому

Киім және сән тарихы

Запись на курс закрыта

Курс туралы мағлұмат

«Киім және сән тарихы» - Әр алуан елдердің киімдерін және әр дәуір кезеңдеріндегі оның стильдік киім пішіндерінің өзгеруіндегі тарихынан мәлімет алу.Әр кезеңдегі киімнің негізгі терминдерін, атауларын және түрлерін меңгеру , зерттеу қарастырылған.

Мұнда ежелгі дүние киімдері;Ежелгі Мысыр киімі. Ежелгі грек киімі. Орта ғасыр костюмдері: XVII ғасыр костюмдері және XVIII ғасыр костюмдері және Жаңа дәуір костюмдері қамтылған. Костюмның тарихы тек көркемдiкке ғана емес, этнография және физиологияға да қатысты. Костюм тарихын зерттеу бізге қазіргі, сонымен қатар ежелгі кезде өмір сүрген адамдардың салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын біліп тануға мүмкіндік береді

Киім тарихы саласындағы теориялық білімді бекіту және терминологиялық практикалық білім дағдыларды қалыптастыру. Көне дәуір кезеңіндегі киімдердің тарихын, киім түрлерін әр халықтардың киімдеріндегі әрбір өзгешеліктерін зерттеп білу. Әр елдің тарихи костюм үлгілерін және түрлі стильдік өзгешеліктерін еркін ажырата білу.

Автор курса

Фотография преподавателя #1

Тогабаева Гульвира Шакеновна

Тоғабаева Гульвира Шакеновна, АТУ «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы