Перейти к основному содержимому

Материалмен жұмыс жасау

Запись на курс закрыта

Материалмен жұмыс жасау

«Материалмен жұмыс жасау» пәнін оқу барысында студент адам денесінің өлшемдік белгілерін алу туралы, модельді көркем және техникалық жағынан орындауды үйренеді.

Көркемдік міндеттері: сәнді форманы жасау және бұйымды пішу; бұйымның қандай да бір түрін алу үшін нақты матаны таңдау; бұйымның пішіні бөліктері мен бөлшектерінің оңтайлы композициялық шешімін табу. Техникалық міндеттері: бұйымның фигураға дұрыс қонуын қамтамасыз ету; киюге ыңғайлылығын қамтамасыз ету; материалда ойластырылған модельді толық іске асыра білу.

Материалмен жұмыс жасау барысында теориялық білімді бекіту және терминологиялық практикалық білім дағдыларын қалыптастыру. Киім ассортиментін, киім түрлерінің өзгешеліктерін зерттеп білу. Киімнің құрастырылу әдістерімен танысу және киім құрастыру этаптарын зерттеу, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының сапасын қалыптастыру және құрастырудың прогрессивті әдістерін меңгеру үшін теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды игеруді қамтамасыз етеді. Жүйелі тәсіл негізінде бұйым конструкциясының параметрлерін оңтайландыру, жобалау жұмыстарын орындау әдістері, жаңа модельдер жасау кезінде, мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес инновациялық технологияларды қолдану.

Курс авторлары:

Фотография преподавателя #1

Жуманазарова Алия Ерболатқызы

АТУ «Дизайн» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымының магистрі