Перейти к основному содержимому

Кәсіпорын экономикасы

Запись на курс закрыта

Курстың мақсаты:

шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой өрісін дамыту. Кәсіпорынды белгілі бір әлеуметтік экономикалық мүдделер арқылы бір бірімен байланысқан ұжым ретінде қарастырып, оның негізгі мақсаты – тұтынушылардың материалды және рухани талаптарын өтеуге арналған табысқа жету.

Курстың қысқаша сипаттамасы

«Кәсіпорын экономикасы» курсы кәсіпорынның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылуы және таратылу тәртібін; кәсіпорынның негізгі және айналым капиталдарының құрамы мен құрылымын; өндіріс шығындары мен өзіндік құнды, табыс пен рентабельділік көрсеткіштерінің мазмұны мен мәнін аша отырып есептеу жолдары мен жұмыс істеу тәртібін оқытады.

Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес курсты оқу барысында өнім өндіруді ұйымдастыруда пайдаланатын шаруашылық әдістер мен тәсілдер, кәсіпорынның болашақтағы және ағымдағы мәселелер қарастырылады. Бұл курс студенттерді қалыптасқан құқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет етудегі жаңа тетіктермен таныстыруға мүмкіндік береді.

Курс жетекшісі

Фотография преподавателя #1

Абуталипова Жұлдыз Абаққызы

1997-2002жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, экономист-менеджер. 2002-2004жж. Магистратура. АТУ, Менедмент. 2003 жылдан бастап АТУ, Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы