Перейти к основному содержимому

Макроэкономика

Запись на курс закрыта

Макроэкономика

Экономикалық теория ғылымын толық меңгеру үшін, оның бірінші бөлімі – микроэкономикалық талдау курсын оқумен қатар, оның екінші құрамдас бөлімі – макроэкономика курсын міндетті түрде игеру қажет. Жалпы алғанда, макроэкономика теориялық пəн ретінде кез келген ел экономикасының макроэкономикалық саясатын жасаудың негізі болып табылады. Сол себепті, қазіргі уақытта, отандық экономикалық саясатты қалыптастырып жүзеге асыруда макроэкономика курсын оқу жоғары оқу орындарында міндетті пəнге айналған.

Макроэкономика– экономикалық теорияның бөлімі, мұнда агрегатталған айнымалылардың: жалпы бағалар деңгейі мен жұмыссыздықтың, тұтыну мен инвестициялардың, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әрекеттесуінің заңдылықтары және олардың экономиканың өсуіне ықпалы қарастырылады. Курстың тақырыптары барлық негізгі макроэкономикалық үдерістерді қамтиды: жұмыссыздық, инфляция, валюта курсы, макроэкономикалық ауытқулар, макроэкономикалық теңдестік, халықаралық экономика.

Студент математика,экономикалық теория және микроэкономика курстарымен таныс болу керек

Оқытушы жайлы ақпарат

Фотография преподавателя #1

Айтходжаева Гулрайхан Икрамовна

Алматы технологиялық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасы аға оқытушысы, менеджмент магистрі. Оқытатын пәндері: Микроэкономика, Макроэкономика, Кәсіпкерлік қызметтің негіздері