Перейти к основному содержимому

Кәсіпкерлік

Запись на курс закрыта

Курстың мақсаты:

Студенттерге бәсекелік ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдылары бойынша жүйелі білім беру, және де кәсіпкерлік іс әрекеттің маңызын, мәнін түсіну, бәсекелік ортада кәсіпорындарының кәсіпкерлік қызметін ұймдастырудың теориялық негіздері мен тәжірбиелік дағдылану қажетін меңгеруді оқыту, материялдық, қаржылық ресурстарды, инвестиция мен баға саясатын қалыптастыру жолдарын түсіне білуге үйрету

«Кәсіпкерлік» пәні кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын, оның түрлерін, ерекшеліктері мен функцияларын және кәсіпкерлік қызметтің обьектілерін, субьектілерін,кәсіпкерлік орта құрудың маңызын қарастырады.

Курстың қысқаша сипаттамасы.

Бизнесті жоспарлау,қаржылық және кадрлык тұрғыдан кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мәселеріне назар аударылады. Сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелді төмендету және кәсіпкердің жұмысын бағалау мәселесіне назар аударылады. Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін тоқтату механизмдеріне, серіктестер мен өзара қарым-қатынастарға, олардың арасындағы келісім-шарттық қатынастарға, кәсіпкерлік мәдениеті мен құпиясына, шаруашылық субьектілер алдыңдағы кәсіпкерлердің жауапкершіліктеріне назар аударылады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау механизмдеріне және кәсіпкерлік аясындағы бәсекеге қабілеттілікке ерекше көңіл бөлінеді.

Автор туралы:

Фотография преподавателя #1

Кусаинова Сауле Букенбаевна

Алматы технологиялық университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасы аға оқытушысы, экономика және бизнес магистрі. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Жарық көрген 30-тан астам ғылыми жұмыстары бар.