Курстың мақсаты
Персоналды басқару курсының мақсаты – студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтері туралы теориялық білім беру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда экономикалық дүние таным мен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, персоналды басқару жүйесіне енетін шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.
Басқарушылық пәндер жүйесінде «Персоналдарды басқару» курсы маңызды орын алады. Өйткені, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуына, бәсекенің күшеюіне қарай персоналдарды басқару сұрақтары менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын болады.Кез-келген кәсіпорынның тиімді дамуының негізі белгілі бір қажеттіліктері, мотивациялары мен нақты шарттары бар адамдар болып табылады.
Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарама-қайшылықты жою жолдарын іздеу, персоналды басқару жүйесіне енетін барлық қызмет түрлерін мүмкіндігінше жүзеге асыру фирманың экономикалық стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Персоналды басқару – бұл қызметi нарықтық қатынастар жағдайында ресурстарды ұтымды пайдалану жолымен пайда табуға бағытталған шаруашылық қызметтiң кез-келген сферасындағы кәсiпорынды кәсiби басқару түрi.
Курстың қысқаша сипаттамасы
Қазіргі дүниежүзінде болып жатқан экономикалық жағдайлар бiлiм беру жүйесiне жаңа тәсiлдер әкелдi. Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, мұндай жағдайларда тұрақтандыру мен алдағы уақытта тиiмдi прогрессивтiк дамудың маңызды факторы – кәсіпорындарды басқару жүйесi ретiнде қазiргi заманға сай дамыған менеджменттiң қалыптасуы болып табылады. Осы аталған бағытта ұлттық дамудың орасан зор мүмкiндiктерi жатыр. Персоналды басқару – бұл қызметi нарықтық қатынастар жағдайында ресурстарды ұтымды пайдалану жолымен пайда табуға бағытталған шаруашылық қызметтiң кез-келген сферасындағы кәсiпорынды кәсiби басқару түрi. Басқарушылық пәндер жүйесінде «Персоналдарды басқару» курсы маңызды орын алады. Өйткені, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуына, бәсекенің күшеюіне қарай персоналдарды басқару сұрақтары менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын болады. Кез-келген кәсіпорынның тиімді дамуының негізі белгілі бір қажеттіліктері, мотивациялары мен нақты шарттары бар адамдар болып табылады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарама-қайшылықты жою жолдарын іздеу, персоналды басқару жүйесіне енетін барлық қызмет түрлерін мүмкіндігінше жүзеге асыру фирманың экономикалық стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл курсты оқу персоналды басқару туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар персоналды басқару жүйесіне енетін шаралар кешенін жүзеге асыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.