Перейти к основному содержимому

Халықаралық экономика

Курс туралы ақпарат

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Пәннің қажеттілігі: «Халықаралық экономика» пәні әртүрлі елдердің шаруашылық субъектілердің өзара іс-қимыл заңдылықтарын, яғни халықаралық өндіріс, тауар мен қызмет айырбасы, өндіріс факторлардың қозғалысы, валюталық бағамның қалыптасуы және мемлекеттердің экономикалық саясаты аясында зерттеу үшін арналған.

Қазақстанның ЖОО-да халықаралық экономика теориясын оқуы өзектілікті болып табылады, себебі біздің ел экономикалық жүйеге интеграциялануға ұлттық мүдделерін кем-кетіксіз етіп талпынады. Өйткені, әлемдік нарықтың толыққанды қатысушысы болуы үшін, ең алдымен ол қандай заңнамалар арқылы жұмыс істейтінін оқуға, жетекші шетелдік компаниялар тәжірибелерінде нені басшылыққа алатынын, халықаралық ұйымдардың қызметтерінің негізінде жатқан қағидалар қандай екенін түсінуі қажет.

«Халықаралық экономика» пәні тауарлар мен қызметтер, капиталдар, жұмыс күші, технологиялар және валюталардың халықаралық айырбас аясында әртүрлі мемлекеттік меншіктегі экономикалық субъектілердің іс-қимылын зерттейді.

Қазіргі кезде шаруашылық өмірдің интернационализациялау және жаһанданудың ықпалымен бұл теория экономикалық ғылым жүйесінде жетекші пәнге айналды. Халықаралық экономиканың заңдарын білмейінше елдің тиімді макроэкономикалық саясатын жасау, кәсіпорындармен фирмалардың сыртқы экономикалық іс әрекетін ұйымдастыру спецификасын ұғыну, олардың сыртқы эккономикалық байланыстарын басқару аясында дұрыс шешімдерді қабылдау мүмкін емес.

Пәнді оқып үйренудің мақсаты: халықаралық экономиканың аясында теориялық білімдерді, ептілік пен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, халықаралық экономикалық қатынастарды іске асыру түрлерін, әдістері мен механизмін игеру.

Пәнді оқып үйренудің міндеттері:

- халықаралық экономиканың құрылымымен танысу, «халықаралық экономика», «халықаралық экономикалық қатынастар», «әлемдік экономика» терминдерінің ара қатынасын анықтау;

- халықаралық сауда теорияларын түсіндіру;

- халықаралық сауданың шеңберінде теориялық және тәжірибелік мәселелердің мәнін қарастыру;

- төлем балансы мен халықаралық экономиканың валюта-қаржы жүйесімен танысу.

Бұл курсты ЖОО-ның экономикалық мамандықтардың студенттері, оқытушылары, колледж оқушылары және де курсқа қызық тудырушылар болуы мүмкін. Бұл курста курсты игеруге қажетті дәрістер, видеолекциялар, тесттік сұрақтар, студенттердің орындайтын өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі. Курсты аяқтағаннан кейін бітірушіге сертификат беріледі.

Құрметті студенттер! Осы курсты толық аяқтап, сертификат алу үшін сіздер берілген тапсырмаларды толық орындауларыңыз және кем дегенде пәннің қорытынды бақылау тесттерінің 75 пайызын орындауларыңыз қажет.

Пәннің мазмұны: «Халықаралық экономика» курсын игеріп, студент міндетті: түсінігі болу:

- халықаралық экономиканың мәні туралы;

- халықаралық сауданың маңызы мен ролі және оның даму тенденциялары туралы;

- сыртқы сауданы талдау құралдары туралы;

- өндіріс факторларының (еңбек, капитал, технологиялардың) халықаралық қозғалысын;

- халықаралық валюта қаржылық қатынастардың маңызы мен рөлі;

- елдің төлем балансын есептеу қағидалары мен әдістемесі.

Игеру:

- халықаралық экономиканың құрылымын және қызмет етуінің негізгі қағидаларын;

- халықаралық экономикалық қатынастардыңмазмұны мен ерекшеліктері;

-халықаралық сауда, өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы, халықаралық валюта және қаржы қатынастары аясындағы теориялық және тәжірибелік мәселелердің мәнін;

Білу:

- халықаралық экономика теориясы саласындағы білімдерді Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық байланыстарын және кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру мен басқару ісінде қолдану;

- қазіргі халықаралық экономикалық өмірде болып жататын өзгерістерді талдау және олардың салдарын бағалауды;

Дағдылары болуы тиіс:

- теориялық тұжырымдамалардың негізінде әлемдің сауданың қазіргі қалпын түсірдіру;

- сыртқы саудадан ұтымының бөлінуін талдау;

- сауда саясатының әртүрлі жағдайларда оңтайлы әдістерін таңдау;

- өндіріс факторлары қозғалысының тенденцияларын сипаттау;

- ашық экономика жағдайында макроэкономикалық саясатты модельдеу.

КУРС АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

Кирбетова Жанар Сагатовна

Мен, Кирбетова Жанар, "Экономика және менеджмент" кафедрасының лекторы. Муниципалдық менеджмент, аймақтық экономика және басқару, экономикалық теория, кәсіпорын экономикасы, халықаралық экономика және стратегиялық менеджмент пәндерінен сабақ беремін.

Курс ақылы болып табылады ма?

Иә,сертификат аламын деушілерге курс ақылы болып табылады

Внести в список