Перейти к основному содержимому

Курстың мақсаты:

Химиялық үрдістерді басқаратын химияның заңдары мен теориялық негіздері; негізгі химиялық қосылыстардың қасиеттері (ерітіндідегі сипаты, тотығу-тотықсыздану қасиеттері) және оларды технологиялық үрдістерде қолдану.

Химиялық үрдістерді басқаратын химияның заңдары мен теориялық негіздері білуге. Химиялық тәжірбиелерді өздігінен орындауыды және олары қортындылауды қамтамасыз жасай алуға Химиялық реакция тендеулерін жазуға дағдылануға. Заттардың қасиетін, химиялық құрамын білуге құзырлы болуға оқытып үйрету.

Осы курсты бітіре отырып: химиялық үрдістерді басқаратын химияның заңдары мен теориялық негіздерін; негізгі химиялық қосылыстардың қасиеттерін (ерітіндідегі сипаты, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін) және оларды технологиялық үрдістерде қолдану;химиялық үрдістерді басқаратын химияның заңдары мен теориялық негіздерін білуге; химиялық тәжірибелерді өздігінен орындауыды және оларды қорытындылауды қамтамасыз жасай алуға; химиялық реакция тендеулерін жазуға дағдылануға;заттардың қасиеттерін, химиялық құрамын білуге құзырлы болуға оқытып үйрету.

Курс бейне дәрістерден, сауалнамалардан, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалардан тұрады.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент

Білуі тиіс: химияның теориялық негіздерін, заттың құрылысын, молекуладағы химиялық байланысты, химиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикалық тепе-теңдік, химиялық процесстердің ерітінділерде жүруінің жалпы заңдылықтары, ерітінділердегі химиялық процесстер, элементтердің және олар-дың қосылыстарының химиялық қасиеттерін.

Жасай алуы тиіс: химиялық есептеулер техникасын меңгеру және зертханалық эксперименттің берілгендері негізінде алынған байқалатын фактілерді қорытындыла; химиялық реакциялардың кинетикалық және термодинамикалық мінездемелерін есептеу, олардың жүру мүмкіндігін және бағытын болжау; химиялық қосылыстардың синтездеуін жүргізуін, бөліп алу және анықтау әдістемесін негізден таңдау.

Дағдылануы тиіс: оқу әдебиетімен өз бетінше жұмыс, химия-лық экспериментті жоспарлау және өз бетінше жүргізу, оның нәтижелерін сараптау; теориялық және есептеулік тұрғыдағы химиялық есептерді шығару, бейорганикалық заттармен жұмыс істеу.

Құзырлы болуы тиіс: химиялық процесстердің жүруі, берілген қасиеттерімен химиялық қосылыстардың синтезі; заманауи бейорганикалық химияның органикалық заттар технологиясы өңіріндегі жетістіктері, экологиялық қауіпсіздік облысында кәсіптік қарым-қатынас және ақпараттық іздеу.

Курстың авторы

Фотография преподавателя #1

Алмагамбетова Сауле Тулегеновна

техника ғылымдарының кандидаты, Алматы технологиялық университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы доценті. Жарық көрген 60 ғылыми мақалалар, оның ішінде өзінің авторлармен бірігіп «Химия І», «Химия», «Аналитикалық химия», «Курс химии», «Химия практикумы» және тағы басқалар оқулығы бар.

Внести в список