Перейти к основному содержимому

КУРС ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Биохимия жалпы ғылымдық пәндердің қатарына жатады, онда инженер-технологтарды дайындауға қажетті жалпы биологиялық және арнайы мәліметтер келтірілген. Биохимия адамның практикалық қажеттігімен тығыз байланысты, ол организм мен тамақ өнімдерінің химиялық құрамы және олардың өзар әрекеттесуі туралы түсінік береді.

Студенттерге бұл бағыттың қазіргі кездегі биологияның негізгі зерттеулеріне сүйене отырып, кең көлемде арзан азық-түліктік қасиеті бар өнімдерге жалпы түсінік беру. Осы өнімдерді синтездеуге бағытталған қазіргі азық-түліктік саласындағы өзгерістерді, олардың түзгіштерін, биологиялық әдістердің кеңінен қолдануын тусіндіру. Сонымен қатар ең маңызды жетістіктерді инсулин, соматропин, интерферон, интерлейкин жасауда қолдану өнеркәсіпте үлкен жетістіктерге жалпы түсінік, әрі олардың алу биотехнологиясын түсіндіру.

Биохимия пәні – осмос және осмостық қысым. Диффузия. Буферлік жүйе және қанндағы буферлік жүйе. Витаминдер, майда және суда еритін витаминдер. Ферменттер, жәй және күрделі ферменттер. Маңызды коферменттер. Биологиялық тотығу. Көмірсулар және олардың метаболизмі. Липидтер және олардың метаболизмі. Белоктар және олардың метаболизмі. Нуклеин қышқылдары (репликация және мутация).

КУРС АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

Калимолдина Лайла Маутеновна

Алматы технологиялық университеті. Тағам өндірісі факультеті. Химия, химиялық технологиясы және экология кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к.

Дәріс жүргізетін пәндері: Биохимия, Биогеохимия және экотоксикология, Жүйелік экология негіздері

Внести в список