Перейти к основному содержимому

Аналитикалық химия

Курстың мақсаты:

Экология саласында терең ғылыми білімді меңгерген, қолданбалы ғылым негіздерін және экологияның негізгі заңдары мен қағидалары және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін практика жүзінде пайдалана білетін жоғары білімді мамандар дайындау. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерді экологияның негізгі салаларымен таныстырып, оларды қоршаған орта жағдайы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.

«Аналитикалық химия» курсы бойынша, талдау әдістерінің түрлерін білу, талдау сатыларының жалпы сипаттамасын, талдау әдістерін таңдай білу, химиялық талдаудың метрологиялық негіздерін, сынама алу және сынама дайындау әдістерін, бөліп алу және концентрлеу (экстракция, хромотография, тұндыру және бірге тұндыру) әдістерін білу, талдауда қолданылатын реакциялар түрлерін (қышқыл-негіздік, тотығу-тотықсыздандыру, комплекстүзу, тұну-еру) білу, гравиметриялық, титриметриялық, электрохимиялық, спектроскопиялық жән кинетикалық талдау әдістерін білу, олардың автоматтандырылуы, электрондық-есептеу машиналарын қолдану, негізгі талдау нысандары.

Химиялық талдауға (сынама алу, ажырату, бөліп алу, концентрлеу) зерттелетін нысандарды дайындау әдістері туралы білу, сәйкес химиялық талдау әдісін таңдай білу және алынған нәтижелерді дұрыс талдай білу туралы ұғым қалыптасу қажет. Осы курсты бітіре отырып:

• Химиялық талдау жүргізетін сынаманы дайындау әдістерін білу;

• Химиялық талдау әдістерін жүргізе білу;

• Алынған нәтижелерді дұрыс талдай білу қажет.

КУРСТЫҢ АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

Алипбаев Аманбол Наматжанович

Доктор PhD. Химия және пиротехникалқы құрамдардың химиялық технологиясы, Алматы технологиялық университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы аға оқытушысы

Жалпы еңбек өтілі – 2 жыл. Жарық көрген 20-ден астам ғылыми мақалалар, «Магния диборидін ӨЖС әдісімен алу жолдары» қазақ тілінде, 2019 ж, мезгіл телеарна сұқбат берген.

Внести в список