Перейти к основному содержимому

Инженерлік және компьютерлік графика

Запись на курс закрыта

Курсқа аннотация

Орта білімді мектептер мен колледждерде жалпы техникалық пәндерді жүргізе алатын мұғалім болып істейтін студенттерге білім мен дағдыларды беру.

«Инженерлік және компьютерлік графика» пәні кәсіби еңбекке оқыту маман мұғалімдерінің политехникалық білімінің негізін құрайтын пәндердің қатарына жатады.

Бұл пән геометриялық денелердің кескіндерін жазық-тықтарға тұрғызу тәсілдерін оқу; жазықтықтардағы проекциялар арқылы геометриялық денелердің қасиет-терін оқу, кеңістіктік есептерді жазықтықтағы кескін-дері, проекциялары арқылы шешу және зерттеу тәсілдерін оқу; техникалық сызбаларды орындауға қажет стандарттарды оқу; компьютерлік графиканың негізгі тәсілдерін меңгеруді қарастырады.

Бұл пән түрлі сызбаларды орындау үшін теориялық база болып табылады.Сызба геометрия және инженерлік графиканың негізгі мақсаты- жазықтықтағы геометриялық пішіндерді мүмкін болатын түрлі үйлесімділіктерде кескіндей білу, оларды зерттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ позициялық және метрикалық есептерді шеше білуге болашақ маманды үйрету.

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Мажиев Ержан Мырзахметұлы

«Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының аға оқытушысы

Беретін пәндері: Инженерлік және компьютерлік графика, Инженерлік графика.