
Акимханова Айгерим Анарбековна
"ИГ және ҚМ" кафедрасының аға-оқытушысы, магистр
«Теориялық және қолданбалы механика» пәні келесі бөлімдерден тұрады:
1. Теориялық механика
2. Материалдар кедергісі
3. Механизмдер және машиналар теориясы
4. Машиналар бөлшектері.
Курстың міндеті: механикалық құбылыстарды жобалау мен құрылымдаудың жалпы жолдарын, машина жасау өндірісінің көп таралған бұйымдарын есептеу әдістері мен үлгісін тұрғызу туралы білім беру болып табылады.
Орта білімді мектептер мен колледждерде жалпы техникалық пәндерді жүргізе алатын мұғалім болып істейтін студенттерге білім мен дағдыларды беру
«Теориялық және қолданбалы механика» пәні келесі бөлімдерден тұрады: Теориялық механика, Материалдар кедергісі, Машиналар мен механизмдер теориясы, Машиналар бөлшектері. Бұл пән материалдар механикасының негіздері туралы ұғымды түсінуді, конструкциялар элементтерін, машиналар бөлшектері мен құралдарды беріктік пен қатаңдыққа есептеу әдістерін қолдана білуді, механика саласындағы қойылған мәселелерді шешуге дағдылануды және конструкция элементтерін талдау тәжірибелеріне ие болуды үйретеді.
Студенттің білуі тиіс: қатты денелердің тепе-теңдігін және механикалық қозғалыстарын қарастыратын механиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарын.
Студенттің біліктілігі қалыптасуы тиіс:
- материалдар механикасының негіздері туралы ұғымды түсінуі;
- конструкциялар элементтерін, машиналар бөлшектері мен құралдарды беріктік пен қатаңдыққа есептеу әдістерін қолдана білуі;
- механика саласындағы қойылған мәселелерді шешуге дағдылануы және конструкция элементтерін талдау тәжірибелеріне ие болуы керек.
Студент дағдылануы тиіс:
- механикалық құбылыстарды жобалау мен құрылымдаудың жалпы жолдарын, машина жасау өндірісінің көп таралған бұйымдарын есептеу әдістері мен үлгісін тұрғызуды қарастыру.
"ИГ және ҚМ" кафедрасының аға-оқытушысы, магистр
"ИГ және ҚМ" кафедрасының аға-оқытушысы, магистр
т.ғ.к "ИГ және ҚМ" кафедрасының доценті