Перейти к основному содержимому

HTML курсы

Сайттарды нөлден бастап толық іске асыруға дейін жасаудың бүкіл процесін түсіну. IT сфераның қалай жұмыс істейтінің біліп, бұл сферада өз орнынды қалай таңдауға болатынын үйрену.

Веб-сайттарды құру негіздері HTML / CSS - гипермәтінді белгілеу тілі, серверлік программалау тілдерін оқытудың негізі. HTML оқығаннан кейін статикалық веб-бетті немесе веб-сайтты жасауға болады. CSS - Cascading Style Sheets - сіздің сайтыңызды өзіңізге ұнайтындай етіп жасауға мүмкіндік береді. Сіз бейне курсыңызды ыңғайлы уақытта көре аласыз, барлық мәселелер бойынша тәлімгер байланысып, сіздің прогресіңізді бақылайды.

Студенттердің міндеті

Сайт құрудың сырларымен танысу. Әр сабақты өткеннен кейін тапсырмалар мен тесттерді орындау.

Курстың авторлары

Сейтбекова Гүлжан Оразбаковна

т.ғ.м., «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. Жарық көрген 50-ден астам ғылыми жұмыстары бар

Омарбекова Гүлдана Абдекейқызы

Магистрант

Жиі қойылатын сұрақтар!?

Сұрақ №1 Бұл курс кімдерге арналған?

Жауап №1. Бұл курс сайт құруда HTML гипермәтінді тілді үйренгісі келген студенттерге, оқытушыларға арналған.

Сұрақ №2 Қандай программада жұмыс істейміз?

Жауап №2. Сайтты қарапайым стандартты блокнотта құрсақ болады немесе notepad++, sublimetext деген арнайы блокнаттарды қолданамыз.

Внести в список