Перейти к основному содержимому

Деректер қоры

Курстың мақсаты:

«Деректер қоры» курсының мақсаты - қазiргi заманғы деректер қорының теориялық негiздерiн, деректер қорын жасау және олармен жұмыс iстеу принциптерiн үйрену, студенттердi әртүрлi ақпараттық жүйелерде деректер қорымен жұмыс iстеуге қажеттi бiлiммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Деректер қоры» пәнін оқыту нәтижесінде студент SQL, Oracle тәрiздi әртүрлi ортада жұмыс iстей бiлу, деректер қорын жасау мен жобалаудың негiзгi әдiстерiн меңгеруi керек. Курста өзіндік жұмыстар үшін тест және бақылау сұрақтарымен толықтырылған.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Студенттер пәнді оқу үрдісінде деректер қоры (ДҚ) қызметтерінің негізін, деректер деректер қорын құрудың принциптерін, қазіргі заманғы ДҚБЖ негізінде жатқан деректерді жобалау модельдерін, деректермен орындалатын негізгі операцияларды, деректер қорын жобалау әдіснамасын құру болып табылады. Студенттер пәнді оқу нәтижесінде деректер базасының архитектурасына жалпы шолу жасау, деректер базасының модельдерін құру жолдарын қарастыру, деректерің реляциялық моделің құру, модель элементтерін қарастыру, кестелер арасындағы байланыс түрлерін қарастыру, Oracle мәліметтер қорының негізгі ерекшеліктері, Oracle Datebase деректор қоры, SQL Developer ортасында тиімді жұмыс жасауды білулері керек.

Авторлар туралы

Фотография преподавателя #1

Талпақова Балжан Әуезханқызы

Фотография преподавателя #2

Уйпалакова Динара Мукановна

Лекторлар: Талпақова Балжан Әуезханқызы, Уйпалакова Динара Мукановна ЖОО-дағы жұмыс өтілімі Талпақова Б.Ә., 5 жыл. Алматы технологиялық университетте «Жүйелік бағдарламалау», «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» т.б., пәндерден сабақ өткізді.

Внести в список