Перейти к основному содержимому

Электр техникасы және электр жабдығы

Курс туралы

Электртехника саласында терең ғылыми білімді меңгерген, қолданбалы ғылым негіздерін және Электротехниканың негізгі заңдары мен қағидаларын және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін практика жүзінде пайдалана білетін жоғары білімді мамандар дайындау.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерді студенттерге электромагнит өрісінің және Технологиялық машиналар мен жабдықтар жүйелерінде қолданылатын электондық және электрлік қондырғылар мен аспаптарды теориялық тұрғыдан түсіндіру, оларда жүріп жататын электромагниттік үрдістерді талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника саласы бойынша ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, іс жүзінде кездесетін электротехникалық проблемаларды ғылыми тұғыдан түсіндіріп, дұрыс шешімдер таба білу.

Курс тыңдаушылары

-әртүрлі электр тізбектер мен типтік электрлік қондырғылардың параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік жолмен жасай алуға.

-электр өлшеу аспаптарын дұрыс пайдалану мен қауіпсіздік техникасын сақтауға дағдылануға.

-тұрақты тоқ тізбектерін, бір фазалы және үш фазалы синусоидалы тоқ тізбектерін, синусоидалы емес тоқ тізбектерін есептеу мен талдау тәсілдерінде құзырлы болуға.

«Электротехника» курсы электротехникасы туралы түсінігі, қалыптасуы және электротехникасы ғылымының дамуы. Электротехниканы оқу әдістері, мақсаты, міндеттері. Курс барысында қазіргі замандағы экономикалық және саяси мәселелер қарастырылады.электр тізбектеріне қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктемелерді, заңдар мен принциптерді, қаситтер мен сипаттамаларды білулері, тұрақты тоқ тізбектерінің, күйлерін сипаттайтын теңдеулерді білуі тиіс.

Курстың авторы

Фотография преподавателя #1

Абдукаримов Садратдин Абдукаримович.

Алматы технологиялық университеті, «Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының доценті.

Жалпы еңбек өтілі –40 жыл. Жарық көрген 100-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде өзінің авторлығымен 2оқу құралы «Мұнай және газ саласындағы энергия қорларын үнемдеу технологиясы», 2017жыл,150 бет қазақ тілінде, «Газтурбиналы газайдағыш агрегаттар», 2014 жылы, 150 б.т. 10 б.п., тұратын оқу құралдары бар.

Внести в список