Перейти к основному содержимому

Өсімдіктер биотехнологиясы

Запись на курс закрыта

Курстың мақсаты:

Өсімдіктер биотехнологиясы пәнінің негізгі даму сатыларымен, биотехнология нысаны ретінде өсімдік клеткаларын өсіру биологиясы және өсімдіктер биотехнологиясының негізгі бағыттары мен салалары туралы білім беру.

«Өсімдіктер биотехнологиясы» in vitro жағдайында өсімдіктерді зерттеудің теориялық және методологиялық принциптерін береді. Өсімдік клеткаларын өсіруге арналған қоректік орталарды дайындау, асептикалық материалдар алу, өсімдіктер селекциясы, будандастыру мен клонды көбейту туралы мәліметтер қамтылған.

Негізгі өсімдік нысандарын – тамыр, сабақ, жапырақ, жеміс, өркен және т.б. мүшелерімен – тәжірибеде жүзінде жұмыс істеу әдістеріне, зертханалық құрал - жабдықтарымен жұмыс істеуге, оқу үдерісінде кесте материалдары, презентациялар жасалып, өткізілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін материалдар қолданылады.

Кешенді оқу бағдарламада өсімдік биотехнологиясы бойынша биологиялық объектілеріне, биохимиялық процестеріне жəне шикізаттарға байланысты сұрақтар қамтылған.

Биотехнология көптеген ғылым салаларының түйісуі арқасында пайда болғандықтан, оның дамуы молекулалық биология, клеткалық жəне молекулалық биофизика, биохимия, молекулалық иммунологияның жетістіктеріне, қазіргі заманның инженерлік технологияларына негізделеді.

КУРСТЫҢ АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

Утегалиева Раиса Сақтагановна

АТУ «Тағамдық биотехнология» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты; КР БҒМ «Адам және жануарлар физиологиясы Институтында ғылыми қызметтік және мектептерде оқу - педагогикалық тәжірибесі бар; сабақ беретін пәндер: Өсімдіктердің клеткалық биотехнологиясы, Өсімдіктер физиологиясы, адам және жануарлар физиологиясы. 100-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. uteg56@mail.ru