Перейти к основному содержимому

Микробиология және вирусология

Запись на курс закрыта

Пән туралы мағлұмат

Микробиология және вирусология пәні мен міндеттері, олардың биотехнологиядағы орны мен рөлі. Микроорганизмдер және олардың классификациясы. Прокариоттар, эукариоттар. Вирустар. Морфологиясы, құрамы мен құрылымы. Құрылысы және клетканың химиялық құрамы. Көбеюі және дифференциациялануы. Бөліп алу және культивирлеу. Көбеюі мен микроорганизмдерді культивирлеу. Антимикробтық факторлар. Метаболизм. Энергетикалық процестер. Биосинтез. Метаболизм реттелуі. Генетика. мутагенез, рекомбинация, сұрыптау. Микроорганизмдерді практикада қолдану.

Пәннің мақсаты микроорганизмдердің биотехнология салаларындағы ролін қарастыру

Микробиология және вирусология микробтардың, вирустардың морфологиясы мен физиологиясы олардың әртүрлi физикалық және биологиялық әсерлерге төзiмдiлiгiн, генетика мен сыртқы ортада таралуын, зат алмасуға қатысуын, жеке микробтардың биологиялық қасиеттерiн қарастырады.

Студент міндетті

Білуі керек: құрамында микроорганизмдер бар материалдарға талдау жасау үшін оптикалық микроскопия әдістерін;

Жасай білу керек: микроорганизмдерді идентифициялау және бөліп алу

Дағдылануы керек: микробиологиялық ортаны залалсыздандыру және дайындау, микроорганизмдерді дақылдандыру әдістеріне

Құзіретті болуы керек: биологиялық объектілерді сипаттау, бақылау, идентификациялау, классификациялау, культивирлеу әдістерін игеруге

Жалпы микробиология және вирусология негіздерімен студенттерді таныстыру, микроорганизмдердің тіршілігі мен даму заңдылықтарын және олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, микроорганизмдермен тәжірибе жұмыстарын жасап машықтануға үйрету.

КУРС АВТОРЫ

/assets/courseware/v1/34b3cb53ab100a70dadbc15feaf9bf77/asset-v1:ATU+PB07+2019_C2+type@asset+block/_DSC0843.JPG

Маматаева Айгүл Тұмайқызы

АТУ «Тағамдық биотехнология» кафедрасының доцент м.а., биология ғылымдарының кандидаты; ҚР БҒМ «Адам және жануарлар физиологиясы Институтында ғылыми қызметтік және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу - педагогикалық тәжірибесі бар; жалпы еңбек өтілі 23 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 5 жыл; сабақ беретін пәндер: Микробиология және вирусология; Тағам өнімдерінің биологиялық құнды шикізаттарын зерттеу; Ет және ет өнімдерінің биотехнологиясы, Ақуыз заттардың биотехнологиясы, Биотехнологиядағы заманауи жетістіктер. 50-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған. mamataevabt@bk.ru