Перейти к основному содержимому

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Курс туралы ақпарат

Қазақстанның қазіргі заман тарихы – жоғарғы білім алудағы мемлекеттік білім стандартының бір бөлігі болып табылады және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге жатады. Қазақстанның қазіргі заман тарихы халқымыздың өткен тарихы мен қазірде болып жатқан оқиғаларды ауқымды зерделеуге мүмкіндік береді.

Курс Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызын, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстан қоғамының алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани негіз қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін айшықтап береді. Курстың аудиториясы - жоғарғы оқу орнынан кейінгі, жоғарғы, орта білім алшылар.

Курстың форматы – онлайн. Курстың құрылымы - видеодәрістер, сауалнамалар, бақылау тапсырмалары.

Пәннің қажеттілігі:

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген.

Курстың авторы

Course Staff Image #1

Досекеева Кульмира Алденбаевна

КОжҚҒ кафедрасының доцент м.а., 07.00.02 ̶ Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты

Внести в список