Перейти к основному содержимому

Мәдениеттану

Запись на курс закрыта

КУРС ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ

Мәдениеттану ғылымы адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің жетістіктерін өз ойымен пайымдауға мүмкүндік береді.

Солмен қатар ізденушілердің кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Пәнді оқып үйренудің мақсаты:

Мәдениеттану жеткіншек ұрпақты бүгінгі күрделі өзара байланысты әлемге даярлайды, ондағы адамзат ақыл ойының жетістіктеріне алуан түрлі мәдениеттер байланысына лайықты да білімдар көзқарасты қалыптастыру-мәдениеттану ілімін оқытудағы көздеген басты мақсаты.

Курстың міндеті:

- адамзат баласының тарихи-мәдени дамуының жалпы заңдылықтарын оқып-білу, оның басты бағыттарын айқындап көрсету;

- мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөліне баға бере отырып, мәдениеттің теңдесі жоқ тарихы мен этноаймақтың феномендеріне сараптама жасау;

- мәдениеттану ғылыми саласында қалыптасқан түрлі мектептердің ілімдерін игеру, олардың өзіндік бет-бейнесін айқындау, одан қалды үлгі боларлық мәдени құрылымдарды өзара салыстыру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;

- бүгінгі таңдағы мәдениет дамуының өзекті мәселелеріне мәдениеттанулық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар беру және олардың мәнді, мәнсіз жақтарын айқындау.

Автор туралы мәлімет

Course Staff Image #1

Киікбай Әбділла Атамұратұлы

КОжҚҒ кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметті ғылымдардың магистрі 6М050100, abdulla.kiikbai@mail.ru