
Ибраимова Жанар Кажибаевна
Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл. Жарық көрген 70 - тен астам ғылыми және 4 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулықтар авторы.
Ғылыми зерттеу бағыты әлеуметтік психология және өзін-өзі тану.
«Психология және мәдениеттану» курсы жеткіншек ұрпақты бүгінгі күрделі өзара байланысты әлемге даярлайды, ондағы адамзат ақыл ойының жетістіктеріне алуан түрлі мәдениеттер байланысына лайықты да білімдар көзқарасты қалыптастыру психология және мәдениеттану ілімін оқытудағы көздеген басты мақсат.
«Психология және мәдениеттану» пәні болашақ маманның кәсіби сана-сезімін олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық және мәдени тұрғыдан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.
Пәнді оқып үйренудің міндеттері: ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру; жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.
Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл. Жарық көрген 70 - тен астам ғылыми және 4 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулықтар авторы.
Ғылыми зерттеу бағыты әлеуметтік психология және өзін-өзі тану.