Перейти к основному содержимому

Философия тарихы

Курстың мақсаты:

Философияның негізгі кезеңдерін өз бетінше игеруге, ойшылдардың түпнұсқалық қайнар көздері мен мәтіндеріне бірінші кезекте көніл аудара отырып, сол арқылы өздерінің гуманитарлық білімі мен мәдениетінің аукымын ұлғайтуға жағдай жасау.

«Философия тарихы» курсы гуманитарлық пәндердің құрамдас бөлігі болып табылады. Курс студенттерді мәдени-тарихи контекстегі философия мәні мен ерекшеліктерімен танысуға, дүниеге көзқарастық мәселелерді жан-жақты талдай білуге, философиялық ой кешу типтерімен танысуға, философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігіне көз жеткізуге, философияның мәдени-тарихи сипатын, қазақ халқының философиялық ойының ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Курс студенттердің бойында өзінің ойлау жүйесіне ұқсамайтын басқаша ойлау пайымындағы адамдарды түсіну өнеріне ие болуға бағытайтындықтан, пәнді игеру дүниетанымдық сұхбаттастықты жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл курс әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстық топтама пәндерін оқу барысында студенттердің алған білімін толықтырады.

Курстың авторы

Фотография преподавателя #1

Бижанова Меруерт Алтынбековна

КОжҚҒ кафедрасының доцент м.а., философия ғылымдарының кандидаты, «Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы» жеке монографиясының авторы, «Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) Қазақ фило-софиясының қалыптасуы: ежелгі түркілік дәуір» 1 том, «Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) XV-XIX ғасырлардағы қазақ философиясының тарихи сипаттамасы» 2 том, «Жаһандану жағдайындағы шетел қазақтарының құндылықтық әлемінің жаңаруы», « Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдени негіздер» ұжымдық монграфиялардың бірлескен авторы.

Внести в список