Перейти к основному содержимому

Астық өңдеу өндірісі шикізаттарының қасиетін зерттеу әдістері

Курсқа түсіндірме

Курстың барысында өңдеу өндірісіндегі шикізаттардың және дайын өнімнің сапасын бақылау; өңдеу өндірісінде технологиялық процестерді енгізу және ережелері; өңдеу өндірістерінде шикізаттың және дайын өнімнің сапалық нормалары және стандарттары; технологиялық жүйелердің қызметтерінің тұрақтылық деңгейіне кері әсер ететін факторларды техникалық сауатты айқындау; өңдеу өндірісіндегі технологиялық жүйелердің қызметінің тиімділігін бақылау.

«Астық өңдеу өндірісі шикізаттарының қасиеттерін зерттеу әдістері» пәнінің бағдарламасы студенттер үшін қысқа жазылған дегенімен өте қомақты формада келтірілген.

Силлабуста пәннің мазмұны, сонымен бірге оқып үйрену және сабақты жүргізуге қажетті нұсқалар келтірілген. Пәннің жоспары бойынша келтірілген шолу студенттерге және басқа оқырмандарға арналған, соның негізінде студенттерге оқу барысында іс-әрекетін жоспарлауына мүмкіндік болады.

«Қайта өңдеу өндірістері технологиясы» саласында тиімді қызмет етуіне қажетті білімді игеруі. Студенттерге өндірісті, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін, стандарттаудың негізгі талаптарын, сонымен қатар шикізат сапасының қасиеттерін зерттеу жүргізу әдісі үшін қажетті құрал-жабдықтармен таныстырып, үйрету.

АВТОР ТУРАЛЫ:

Фотография преподавателя #1

Батырбаева Нургуль Базиловна

Алматы Технологиялық университетінің, «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының PhD докторы

Оқу үдерісіне ПОӘК «Астық өңдеу өндірісі шикізаттарының қасиеттерін зерттеу әдістері» бойынша оқу материалдары енгізілді.

Внести в список