Перейти к основному содержимому

Балалар тамақтануына арналған сүт өнімдері мен консервілері

Курс сипаттамасы

Пәнді оқытуда студенттердің әлем тануындағы ғылыми қалыптасуына, табиғи, техникалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара байланысына, өндіріс тиімділігін тұрақты арттыру қажеттілігін танытуға, балалар тамақтануы өнімдерінің сапасына, материалды және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға үлкен назар аударылады

Пәнді оқып үйренудің мақсаты

Балалар сүт өнімдері және консервілерінің технологиясы» пәнінің негізгі мақсаттары:

- балалар тамақтануындағы сүт және сүт өнімдерінің ролі және сиыр сүтін ана сүтіне барынша жақындату жолдары туралы студенттердің білім алуы;

- балалар тамақтануына арналған өнімдер өндірісінің теориялық негіздері туралы білім алу;

- балалар тамақтарын, соның ішінде сүт негізінде өндіруде қолданатын компоненттердің, тағамдық шикізаттардың құрамы, құрылымы және қасиеттері туралы білім беру;

- балалар сүт өнімдерінің, балалар консервілерінің және концентраттарының жіктелуін және ассортиментін оқу;

- балалар сүт өнімдерінің, балалар тамақтануына арналған консервілер мен концентраттардың технологиясы оқу.

Пәнді оқып үйренудің міндеттері

- сүт құрамы мен басқа материалдардың химиялық құрамын анықтай алу;

- балалар тамақ өнімдері мен консервілерін өндіру технологиясын, тағам өнімдерінің физико - химиялық қасиеттерін анықтау;

- өндірістің техникалық ақауларын анықтай білу;

- сүт өнімдерінің өндірісіндегі технологиялық есептерді жүргізу.

Курс оқытушысы

Course Staff Image #1

Джетписбаева Багила Шахимардановна

Алматы технологиялық университеті, "Тағам өнімдерінің технологиясы" кафедрасының доцент міндетін атқарушы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Внести в список