Перейти к основному содержимому

Азық-түлік өнімдерін тану және сараптау

Запись на курс закрыта

Курс туралы

Нарық экономикасы жағдайында азық-түлік өнімдерінің сапасы маңызды рөл атқарады. Сапа бір тұтынушылық қатар өнімдерінің әртүрлі түрлеріне сұраныстың динамикасын сипаттайды.

Нарық экономикасы жағдайында азық-түлік өнімдерінің сапасы маңызды рөл атқарады. Сапа бір тұтынушылық қатар өнімдерінің әртүрлі түрлеріне сұраныстың динамикасын сипаттайды.

«Сапа» термині тауардың тұтынушылар сұранысының кең ауқымына сәйкес келу қасиетін анықтайды, соның ішінде бірқатар жағдайда бұл сұраныстар әмбебап емес, арнайы сипатта болуы мүмкін. Сәйкесінше арнайы және функционалды тағайындалған өнімдерді қарастыру қажет болады. Азық-түлік тауарларының номенклатурасының кеңеюі және өнеркәсіп пен сауда орындарында ассортиментің өсуі жедел және жоғары әдістемелік деңгейде азық-түлік тауарларының сапасын сараптаулы және олардың нормативті құжаттар талаптарына сәйкестігін растауды қарастырады.

Азық-түлік тауарларын сараптау саласындағы білімдер осы тауардың тауар айналымы саласындағы жұмысшыларға ғана емес, сонымен қатар осы тауарларды өндіруші –кәсіпорындары жұмысшыларына қажет. Тұтынушылардың тауарлардың тауартанушылық сипаттамаларына қойылатын талаптарды ескеру өнеркәсіптік кәсіпорындарға өз әрекетін тиімдірек ұйымдастыруға, әртүрлі әлеуметтік топтарлағы тұтынушылық сұраныстарды ескеруге және азық-түлік тауарлары нарығында қосымша бәсекелестік артықшылықтарды алуға мүмкіндік береді.

Модульді аяқтау нәтижесінде студент

Азық түлік тауарларын сапа бойынша сараптау оның өмірлік циклының барлық тізбегі бойынша қатар жүреді және халықтың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды тармақ болып табылады.

Сараптау азық-түлік тауарларының органолептикалық, сол сияқты физико-химиялық сапа көрсеткіштерін кешенді бағалауды қарастырады. Бұндай бағалауды жүргізу тәжірибелік дағдыларды және өндірілетін тауарлар технологиясы мен қолданылған шикізаттардың ерекшелігін ескеріп алынған нәтижелерді интерпретациялай алуды қажет етеді. Сараптық бағалау әдістері азық-түлік тауарларының түпнұсқалығын идентификациялау, суррогаттарды және бұрмаланған өнімдерді айқындау қажеттілігіне байланысты аса маңызды мәнге ие болды.

Азық-түлік тауарларының айналымын бақылауды дұрыс ұйымдастыру және олардың сапасына мониторинг жүргізу үшін әртүрлі жіктеу жүйелері құрылған.

Оқытушы турылы ақпарат

Course Staff Image #1

Матибаева Айнур Ибраевна

техника ғылымдарының кандидаты, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доцент м.а.