Перейти к основному содержимому

Ет және ет өнімдерінің технологиясы

Курстың қысқаша мәліметтері

Пререквизиттері

«Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Коллоидты химия», «Микробиология», «Биохимия», «Тағам өнімдерінің жалпы технологиясы».

Постреквизиттері

Етті өңдеу технологиясын оқытатын пәндер

Ет және ет өнімдері курсын студенттердің білімдерін келесідей сұрақтарды тереңдету үшін қолданылады: нарықтық экономика жағдайларына сәйкес тамақ өнімдерін тұтыну және өндіруді дамытудағы негізгі бағыттар, ассортиментті құру және кеңейтудің ғылыми негіздері, өнімнің сапасын бағалау.

Студенттерге «Ет және ет өнімдерін» өңдеуде жаңа тиімді жолдарын және түрлерін қарастырудың, қолданудың ғылыми-теоретикалык негізін үйрету.

Студенттерге ғылыми ойлаудың негізін қалау,тәжірибе көрсеткіштерін дұрыс таңдау, бұл тәжірибенің дұрыстығына ғылыми көз жеткізу, студенттердің дұрыс шешім қабылдауының жолдарын үйрету.

Курстың соңында студенттерде оқу-практикалық конспектілер жиынтығы болуы қажет. ( лекция жиынтығы, практикалық сабақ, СРС тақырыбы бойынша есеп беру, зертхана жұмыстары бойынша).

Курстың мақсаттары мен міндеттері

«Ет технологиясы» пәнінің мақсаты болашақ мамандарға терең білім беру.

• Ет өндірісінің негізімен және ет және ет өнімдерінің ғылыми негізімен таныстыру.

• Шикізаттың физика-химиялық, биохимиялық, механикалық –құрылымымын, құрамын және шикізаттағы өзгерісті оқу.

• Технологиялық процесстердің ғылыми-теоретикалық, ауыл-шаруашылық малымен, құстарды өңдеуді және ұйымдастыруды оқып зерттеу.

• Стандартизация, сапа және шикізат сапасын зерттеу, бақылауды сұрақтарын зерттеу.

Студентерге қойылатын талаптар

Білу керек:

-бастапқы шикізаттың химиялық және технологиялық қасиеттері, негізгі технологиялық процестердің мәнін;

-шығарылатын өнімнің түрлері және оған қойылатын талаптар;

-технологиялық факторлар әсерінен шикізаттың өзгеруі;

-технологиялық шығындарды төмендету жолдары;

-технологиялық сұлбаларды құру принциптері;

-шикізат пен дайын өнімге қойылатын стандарттар талаптары.

Істей алу керек:

-ет және ет өнімдерін өндіру технологиялық процестерін жоспарлау және ұйымдастыру;

-осы процестер жүргізудің оңтайлы шарттарын таңдау және оларды автоматика құралдарын қолдана отырып басқару;

-шығарылатын өнімнің негізгі сипаттамаларын анықтау;

-қазіргі заманғы әдістермен технологиялық операциялардың, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасын бақылау.

Дағдылары болу керек:

-технологиялық процестерді жүргізудің оңтайлы шарттарын таңдау және оларды автоматика құралдарын қолдана отырып басқару.

Оқытушы туралы мәліметтер

Course Staff Image #1

Абжанова Шолпан Аманкелдықызы

Техника ғылымдарының кандидаты Тамақ өнімдері технологиясы кафедрасының профессор м.а.

Внести в список