
Джетписбаева Багила Шахимардановна
Джетписбаева Б.Ш. 80-ге жуық ғылыми еңбек авторы, оның ішінде 5 мақала Scopus Web of Sciense негізінде, 5 патент, 7 оқу-әдістемелік құралы, оның ішінде 2 оқу-әдістемелік құралы БҒМ ОӘБ РОӘК бекітілген. Джетписбаева Б.Ш. "АТУ-2018 үздік электрондық курсы" байқауына электронды курсты әзірлегені үшін АТУ ректоры дипломымен марапатталған. Coursera халықаралық платформасының сертификат иегері. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы "АҚ ұйымдастырған "Педагогикалық идеялар панорамасы-2019" бейне-сабақтар мен видео-дәрістер республикалық конкурсына қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының сертификаты және құрмет грамотасымен марапатталған. "Bilim-orkeniety" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған "Үздік ғылым кандидаты-2019" республикалық байқауының жеңімпазы. ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы - 2019» байқауының жеңімпазы.