Перейти к основному содержимому

Теоретические основы хранения пищевых продуктов

Пәнді оқыту мақсаты

Өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдердің сақтау нысаны ретіндегі химиялық және биотехнологиялық ерекшеліктерін, оларды қысқамерзімге және ұзақ уақытқа сақтаудың режимдері мен әдістерін оқыту. Өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдерді сақтау үдерістерінің технологиялық сұлбаларын және оларды сақтау кезінде жүретін негізгі үдерістерді біліп меңгеру. Модульді аяқтау нәтижесінде студенттер: - өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдердің сақтау нысаны ретіндегі химиялық және биотехнологиялық ерекшеліктерін атайды; - қысқамерзімге және ұзақ уақытқа сақтау кезіндегі жатымдылық, сақталғыштық және тұрақтылық қасиеттерін сипаттайды; - өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдерді қысқамерзімге және ұзақ уақытқа сақтаудың режимдері мен әдістерін таңдайды; - өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдерді сақтау үдерістерінің технологиялық сұлбаларын құрастырады; - өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттар мен өнімдерді сақтауға қатысты мәселелерді шешеді.

Оқу пәнінің сипаттамасы

«Тағамдық өнімдерді сақтаудың теориялық негіздері» пәнінің мақсаты студенттерде тағамдық өнімдерді сақтау туралы жалпы мағлұмат қалыптасуы керек. Пәнді оқыту студенттерде ғылыми ой өрісті кеңейтуге, өсімдік және жануар текті тағамдық шикізаттардан алынған өнімдерді қысқамерзімге және ұзақ уақытқа сақтаудың күрделі үдерістерін түсіне білуге мүмкіндік береді.

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Сыздыкова Л.С.

ассоциирленген профессор, техника ғылымдарының кандидаты Кафедраның орналасқан жері (ғимарат, кабинет) Алматы қаласы, Райымбек көшесі 348/5, 2А корпусы, 208 кабинет Кафедра телефоны 396-71-33, ішкі 109

Внести в список