Перейти к основному содержимому

Ойын-сауық индустриясы

Запись на курс закрыта

КУРС ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Ойын –сауық индустриясы пәні мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі саласында мамандар даярлауда маңызды орын алады. Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі саласындағы қонақтарға қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуда, студенттердің біліктілігін арттыруда маңызды орын алады.

Ойын-сауық индустриясы» пәні нарықтық жағдай мен маркетингтік ортаның тез өзгеруіне және іс-шаралардың ұйымдастырылуына әсер етеді.

Мейрамхана ісі және Мейманхана бизнесі мамандығының студенттері үшін ойын сауық индустриясының технологиясын меңгеру маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Қонақжайлылық индустриясы орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсынумен қатар өз клиенттеріне ойын - сауықпен байланысты қызмет көрсетуді ұсынады.

Қызмет көрсету саласында ойын – сауық индустриясы өте жоғары деңгейде үлкен сұранысқа ие. Бұл пәнде жалпы ойын – сауық индустриясының жіктелуі, бос уақыт түсінігі, әлем халықтарының мерекелері мен фестивалдары, көңіл көтеру инфрақұрылымы және көрмелер мен жәрменкелер, спорттық шаралар қарастырылған.

Білімі: қызмет көрсету саласындағы ойын

- сауық индустриясын ұйымдастыру жолдары мен басқару ерекшеліктерін білуі тиіс;

Игеруі: қызмет көрсету саласындағы ойын

- сауық индустриясын ұйымдастыру және басқару туралы материалдарды талдай білуі тиіс;

Дағдысы: қызмет көрсету саласындағы ойын

- сауық индустриясын ұйымдастыру, басқару, жоспарлау әдіс

– тәсілдерін меңгеру.

Қызмет көрсету саласындағы ойын – сауық индустриясының ұйымдастыру тәсілдеріне машықтандыру.

Оқытушы жайлы ақпарат

Фотография преподавателя #1

Тумажанова Мархаба Оразалыевна

Алматы Технологиялық университетінің, «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушысы.Сабақ беретін пәндерім: «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіндегі корпоративтік мәдениет», «Дүниежүзі халықтарының сәлт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары және мәдениеті», «Қонақжайлылық индустриясының негіздері».