Skip to main content

Мейманхана және мейрамхана менеджменті

Enrollment is Closed

Курс жайлы ақпарат

Мейрамхана және мейманхана менеджментінің көптеген аспектілері бар, оның ең бастысы – менеджер арнайы жеке қасиеттерді, дағдыларды, сонымен қатар дұрыс басқару стилін таңдай отырып, қызметкерлерді тиімді басқару. Менеджердің негізгі міндеттері – қол астындағы қызметкерлерді жұмыс істеуге мәжбүрлеу емес, сендіру арқылы әр түрлі ынталандыруларды дұрыс пайдалану.

Курс мақсаты:

Пәннің мақсаты – мейрамхана және мейманхананы басқару қағидалары мен әдістеріне негізделген, нарық аспектілеріне басқару тәжірибесін ендіруге мүмкіндік беретін білім беру; әр түрлі меншік түрлеріндегі мейрамханалар мен мейманханаларды басқаруды үйрету.

Cтудент білуі тиіс:

Білімі:

- басқару мәні ,мейрамхана және мейманхана менеджментіндегі көзқарастың даму кезеңдері, басқару тәсілдері;

- басқару шешімдерінің мәні мен түрлері;

- ұйымдық құрылымдағы стратегиялардың негізгі түрлері;

- адамдар ара-қатынасындағы негізгі сұрақтар,яғни ынталандыру мәселелері, топтық динамика, топ басшылық және дауларды басқару.